Бүгін, 27 қаңтарда, «Заң және тәртіп» айлығы бағдарламасы аясында Дайындық негізгі мектебінде «Қауіпсіз маршрут» күні өтті.

Бастауыш сынып оқушылары үшін жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты дамытуға бағытталған интерактивті видео тапсырмалар өткізілді.

🔹 Жол қозғалысы ережелері бойынша викторина

🔹 Өрт қауіпсіздігі бойынша тапсырмалар

🔹 Интернет қауіпсіздігі және сандық гигиена бойынша интерактивті іс-шара

Оқушылар белсенді қатысып, әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау білімдері мен қабілеттерін көрсетті.

Іс-шара қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, оқушылардың жауапкершілігін арттырды.

#Адал_азамат

#заң_және_тәртіп

#заңментәртіп

#қауіпсізмаршрут

Источник дополнительной информации