#ДАЙЫНДЫҚ

«Жаңбыр жауса – жер ырысы, батыр туса – ел ырысы.»

Бүгін «Бір күнде -мың гүл салу » науқаны болса, біз бүкіл аумаққа Алланың нұры , жауын жаусын деген рәсімін өткіздік. «Дайындық»ЖШС -нің директоры Шаймерденов Біржан Әбділманұлы ауыл тұрғындарын бір дастарханға жинап, береке мен бірлікке арналған тасаттық өткізді. Іс-шараға ауыл тұрғындарымен қатар мектеп оқушылары да қатысты. Іс -шара мешітімізде намаздан басталып кейін ауыл кафесінде жиналдық. Осы рәсім оқушыларға ұлттық дәстүрдің мәні мен маңызын тану болды. Шара барысында елдің амандығы мен өнім молшылығы тіленді. Бұл тағылымды іс-шара жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне ықпал еттеді. Және жыл сайын балаларымыз түгелі үлкендер де, асыға күтетін рәсім. Барлық балаларға су мен атысатын ойыншықтар таратылып берілді. Жақсы көңіл , су мен атысу ойыны барлығы есте қаларлық әдемі сезім болды

Қосымша ақпарат көздері