1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік бағдарлама барысында әндер шырқалып, билер орындалып, қызықты ойындар мен сайыстар өткізілді. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, шаттыққа толы әсерлі сәттер сыйлады. Бүлдіршіндердің жарқын күлкісі мен қуанышы мерекенің сәнін келтірді.
Іс-шара барысында «Дайындық» ЖШС директоры Шаймерденов Біржан Әбділманұлы балаларға өз атынан сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балаларға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін Біржан Әбділманұлына шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай игі істері мен жомарт жүрегі үшін зор денсаулық, еңбегіне толағай табыс тілейміз!
Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Әр баланың балалық шағы бақытқа, мейірім мен қамқорлыққа толы болсын!
Барша бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, армандарыңыз асқақтай берсін!
Әрқашан күн сөнбесін, балалардың күлкісі мәңгі естілсін!

#БалалардыҚорғауКүні#1Маусым#ӘрқашанКүнСөнбесін#БақыттыБалалықШақ#ДайындықЖШС#Алғыс#БалаларМерекесі#МектепӨмірі
