#Білімотаныма

#сыңғырласоңғықоңырау

Мектебімізде «Білімім — Отаныма» атты 2025-2026 оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл – түлектер үшін ерекше күн, балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын толқынысқа толы сәт.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, мектеп директоры ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, бітіруші түлектерге ақ жол тіледі. Сонымен қатар оқу озаттары мен белсенді оқушылар марапатталды.

Іс-шара барысында ата-аналар жүрекжарды тілектерін айтып, ұстаздарға алғыстарын білдірді. Ұстаздар да өз кезегінде түлектерге сенім артып, елге қызмет ететін білімді азамат болуларына тілектестік білдірді.

Түлектер мектеппен қоштасу вальсін билеп, әсерлі әндер орындады. Көпшіліктің көңілін толқытқан соңғы қоңырау үні мектеп өмірінің ең бір ұмытылмас сәтіне айналды.

Мереке соңында барлық түлектерге сәттілік тілеп, үлкен өмір жолында биік белестерден көріне берулеріне ақ тілек айтылды

Қосымша ақпарат көздері