#Женіскүні

#адалұрпақ

#мектеппарламенті

Мектебімізде 9 Мамыр — Жеңіс күніне арналған әсерлі әрі тағылымы мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр аталарымыздың рухына тағзым ету, олардың ерлігін жас ұрпақтың жадында сақтау және отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.

Мерекелік кеш мемлекеттік Әнұранмен басталып, мектеп директоры Т.С.Рамазанов құттықтау айтып және оқушылар соғыс жылдарындағы батырлар туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.

Мектеп оқушылары ата-бабаларымыздың есімдері жазылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып бір минут үнсіздікпен майдангерлер рухына тағзым етті.

Келген қонақтар ішінде әкесі соғыс ардагері болған Айтқали Сатыбалдыұлы өскелен ұрпаққа жылы лебізін білдіріп құттықтау айтты.

Бұл мерекелік шара жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатып, Отанды сүюге, елін құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды ертеңгілік. Жеңіс күні – ерлік пен батырлықтың, бірлік пен бейбітшіліктің символы болып қала береді.

Қосымша ақпарат көздері