#1мамырБірліккүні

Бүгің мектебімізге өте көп түрлі ұлттардан құралған қонақтар келді. Ол алдағы келе жатқан мерекемізге орай «Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шара тойлап өту. Бұл мереке– елімізде тұратын түрлі ұлт пен ұлыстың достығы мен татулығын дәріптейтін ерекше мереке.

Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі халықтардың тағамдарын таныстырып, ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би биледі.

Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды достыққа, ынтымаққа тәрбиелеу, көпұлтты еліміздің бірлігін нығайту. Мереке өте көңілді әрі әсерлі өтті. Барлық қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, татулықтың маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.

Қосымша ақпарат көздері