Іс-шара барысында «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігі» тақырыбында құқықтық диктант ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың заңға деген құрметін қалыптастыру, құқықтық санасын арттыру және азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Іс-шараға 8–11 сынып оқушылары қатысты. Диктант аясында мектеп оқушылары әкімшілік заңнама саласы бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігінің өзекті мәселелері туралы білім алды.

