Бірінші мектеп директорлары туралы
1935 жылы Дайындық ауылында алғашқы мектеп ашылып, бастауыш мектеп меңгерушісі болып Ақманбаев Ескендір болып тағайындалды. Бастауыш мектеп 7- жылдық мектепке ауысқанша осы мектептің меңгерушісі Сарсенбаева Зияда, Қасым және 1949 жылға дейін Тлеулина Зейни істеді.

1949 жылдан 1951 жылға мектеп меңгерушісі Рамазанов Сәкен Рамазанович болып істеді.
1930 жылы 11 тамызда бұрынғы Совет ауданы, қазіргі Аққайың Қызыл Жұлдыз ауылы, Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі – жоғары, Петропавл педагогикалық училищесінін түлегі.
1949 жылдан 1990 жылға дейін Дайындық негізгі мектебінде ұстаздық қызметін атқарды.
Алғашқы 7-жылдық мектептің директоры болып Нұрбаев Ахметжан істеді. 5сынып бөлмесі Еркіндік және Кеңес мектебінің материалдарынан салынды да, бір класс бөлмесі мен коридор жергілікті ағаштан мектеп мұғалімдерінің көмегімен салынды. Мектеп жанында қоғамдық интернат болды. Онда «Еркіндік»,«Қызыл Жұлдыз» және «Кеңес» ауылдарының оқушылары тұрды. Интернат меңгерушісі болып Бердалин С.Б. істеді. Мектепте барлығы 7 комплект болды, 4 класс бастауыш, 3 класс (6-5-7) жоғары кластар болды. Оқушылпр саны 160-тай, кейбір жылдары 190 –ға жетті. Мектеп директоры Нұрбаев Ахметбек мектептің бір бөлмесінде тұрды. 1953 жылы Қожин Ризабек, ал 1955 жылдан 1958 жылға дейін Құрманғалиев Ануарбек мектеп директоры болып істеді. 1958 жылдан 1966 жылға дейін мектеп директоры Тлеужанов Қайырлы істеді. 1955 жылы тың игеруге байланысты «Ленин»совхозы құрылды, колхоз совхоздың бөлімшесіне айналды, ал 1960 жылдан бастап 7-жылдық мектептер 8-жылдық мектептерге ауыстырылды да Дайындық сегіз жылдық мектебі болып аталды.

Ал оқу ісінің меңгерушісі Абдрахманов Ж.А. істеді.
Ол кезде мектепте 10 сынып – комплект болды.
1967 жылы жаңа мектеп салынды.
1970 жылдан 1983 жылға дейін мектеп директоры болып Абрахманов Жанайдар Абдрахманович болды.
1928 жылы туды. Білімі жоғары, Қарағанды педагогикалық пединститут «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша
Қазіргі күнде зейнеткер.

Тың игерушілердің келуіне байланысты 1973 жылы мектеп толық орыс мектебіне айналды. 1983-1984 оқу жылында мектеп директоры Қадырбаев Б.Қ.тағайындалды

1986-1989,1990-1994жылдары Абильмажинов Жалел Қайыржанұлы директор болды.
1989-1990 оқу жылының директоры – Усеинов Мурат Усеинович.
1994-1996 оқу жылдарының директоры Аманжолов Бауржан Сатыбалдинович.

1996 жылдан осы уақытқа дейін Рамазанов Талғат Сакенович директордың қызметін атқарып отыр.
Рамазанов Талгат Сакенович 1964 жылы 1 қаңтар Дайындық ауылы, Совет ауданы, Солтүстік Қазақстан облысында туды.
Мектеп бітіргенен кейін Целиноград ауыл шаруашылық институтың тәмандап, 2003 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетің тарих пәнінің мамандығын алды.
2012 жылдан бастап аудандық маслихаттының депутатты
Subscribe
You are logged in as daindyk_osh | Log out{}[+]
0 КОММЕНТАРИИSearch
Мұрағат

