Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушылармен интерактивті диалог жүргізді.
Іс-шараның мақсаты:
Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға құқықтық тәртіп, заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік және жеке жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сабақтар интерактивті форматта өтіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Нәтижесі:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығы артты, заңға деген құрметі қалыптасты. Қауіпсіздік ережелері бойынша білімдері кеңейіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсініктері нығайды.
