#Мектепкежол#Адалазамат

#Біртұтас_тәрбие

Дайындық негізгі мектебінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылын ойдағыдай бастауына көмек көрсету, олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау.

Акцияны ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында мектеп директорының арнайы бұйрығы шығарылды. Бұйрық негізінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар анықталып, оқушыларға қажетті қолдау көрсету жұмыстары қолға алынды.

Акция барысында 6 отбасының 16 оқушысына бір реттік жәрдемақы тағайындалып, мектеп формасы мен оқу-құралдары толықтай қамтамасыз етілді.

2025-2026 оқу жылының басында Дайындық негізгі мектебінде аталған акция аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Мектеп ұжымы, демеушілер және ата-аналар қауымы бірлесе отырып, бірінші сынып балаларының жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуын қамтамасыз етті. Мектептің мерекелік салтанатты жиынында (1 қыркүйек – Білім күні) бірінші сынып оқушыларына арнайы сыйлықтар табысталды. Оларға оқу жылының басталуына орай жазу дәптерлері мен қаламсаптар тарту етіліп, балалардың көңіл-күйлеріне қуаныш сыйланды.

Сонымен қатар, «Дайындық-Агро» ЖШС-нің басшысы Шаймерденов Біржан Әбділманұлы екі көпбалалы отбасының бірінші сыныпқа барған балаларына демеушілік көмек көрсетіп, мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып берді.

Жалпы алғанда, «Мектепке жол» акциясы мектеп ұжымының, демеушілер мен ата-аналардың қолдауымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл іс-шара оқушылардың жаңа оқу жылын толық дайындықпен бастауына зор ықпал етті.

Қосымша ақпарат көздері